Ағылшын тілін оқыту мен оқуда талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 1099 раз

Библиографическое описание:

Сматуллаева, Б. З. Ағылшын тілін оқыту мен оқуда талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері / Б. З. Сматуллаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 54-57. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22492/ (дата обращения: 18.12.2024).

Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Мұндай сайыстық құрылымдар талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылады.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет – балалардың қабілеттері мен таланттарын жан – жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін (түрі, деңгейі және т.б) анықтау мен айқындау болып табылады.

Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үдеріс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Балалар бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз келешектегі баланың дарындылығына қол сұғып отырғандаймыз. Баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалады:

1.    түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез – құлқы мен іс – әрекетін жан – жақты бағалаудың кешендік сипаты;

2.    баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс – әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);

3.    баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс – әрекетін талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік – ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс – шараларға қатыстыру);

4.    дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық «кедергілерін» жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;

5.    баланың бойындағы қандай да бір дарынды бағалауда жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту (математиктер, филологтар, шахматистер, инженерлер және т.б);

6.    баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай –ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;

7.    жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата – аналардың сараптамалық бағалары, баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс – әрекетін бағалаумен байланысты психодиагностиканың эксперименттік маңызды әдістеріне сүйену.

Баланың дарындылығын тек бірегей көрсеткіштерге қойылған бағамен негіздеуге болмайды, мысалы, ақыл – ой дамуының жеке деңгейін сандық көрсеткіштер – психоөлшемдік сауалнамалар көмегімен анықтайтын ақыл – ой коэффициенті (IQ).

Дарынды балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз болып табылады. Бұл тұста кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:

-       балаларлы бақылаудың түрлі баламалары (шынайы және зертханалық жағдайда, мектептен тыс іс – әрекет барысында);

-       баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер ( ата – аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б);

-       арнайы психодиагностикалық тренингтер;

-       арнайы бағдарламалар бойынша «байқау» сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік сабақтарға қатыстыру;

-       түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б ұйымдастыру.

Дарынды балаларды анықтау – арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады. Тұлға дарындылығы өзінің құрылымдық негіздері бойынша адами қайталанбастықтың көп өлшемді, көп қырлы болып байқалады. Басқаша айтқанда дарындылық өзара байланысқан үш: ынталандырушылық, когнитивтік (танымдық), іс жүргізушілік толықтауыштан тұратын біртұтас сипатқа ие.

Дарындылықтың ынталандырушылық толықтауышы мынадай сипатта болады:

- танып –білуге, ақыл - ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;

- өз бетімен жүргізетін шығармашылық – зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;

- өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы;

- болжам жасауға, еріктік ауыртпалыққа, ойларды межелеуге, зейінді жинақтауға жоғары деңгейлі дайындық;

Когнитивті (танымдық) толықтауыш мынадай сипатта болады:

- жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы. Өз бетімен жұмыс істей алушылық, ойлау мен кез келген мәселені шешудегі қайталанбастық;

- жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы, жетілуге қарсы кедергілерді жеңе білу, алынатын нәтижеге көрегендік жасай алу, жеке мүдделердің ауқымдылығы, өз қызығушылық аясын құрайтын қызметтерге ынтызарлық көзқарас, олардың әлеуметтік маңызын түсіне білу, әсершілдік, сезімталдық, тынышсыздық;

Субъектінің іс – жүзілік толықтауышының сипаттары:

- білімпаздық, жалпы оқу дағдылары мен қабілеттерінің жоғары деңгейлілігі, танымдық қажеттілігі мақсаты және саналы сипатқа ие, зерттеліп жатқан мәселенің маңыздылығын зерделей алушылық;

- жаңалық ашуға деген мақсаттылық, иілгіш, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой – өріс шыңдау мен дәлелдеуге деген ұмтылыс, өзінің дарындылығы аясындағы қызметке толығымен берілу.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай,  XXI ғасыр –білімділер ғасыры. Бізге ой-өрісі дамыған, талантты және дарынды ұрпақ тәрбиелеу керек. Мектептегі іс – тәжірибе кезіндегі жұмыстарымда жүргізілген Фриманның 8 өлшемі бойынша (1998) баланың дарындылығын анықтауға болатынына көз жеткіздім. Баланың дарындылығын анықтаудағы алға қойған мақсатым жан – жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары, дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру.Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамытуымыз керек. Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру керек. Бала дарындылығын ашылуын өз мүмкіншілік қабілетіне сәйкестендіре отырып дамыту және үнемі жетілдіру мақсатында жүзеге асыру қажет.Шәкірттердің оқушылардың ақыл – ой қабілеттерін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылығын дамыту.

Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін – өзі жарнамалауына үлес қосқанымыз абзал. Осыдан күтілетін нәтиже өз ойын дәлелдей алатын, жан-жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, белсенді, мәселені анықтау үшін стратегияларды қолдана алатын, жаңашыл идеялар туғызады, ашық, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлға болады.

Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді. Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар тқменде көрсетілген (Montgomery, 1996; Freeman,1991): есте сақтау және білім; өз білімін жетілдіру; қабілетінің жылдамдығы; мәселені шешу; икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік; шоғырлану; ерте символдық белсенділік.

Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді және олар жоғарыда айтылған зерттеулердің мысалдарымен тығыз байланысты. Әйтсе де, оқушылар дарындылығының дамуын: аса дарынды және дарынды болып екіге бөлінеді.

Аса дарынды балалар деңгейіне жатқызылған оқушылар ерте жастан танып – білуге құштарлы, таңғажайыптарға деген қызығушылық танытады және оларға адамның табиғи қасиеті ретінде зерттеушілік мінез – құлық тән. Қандай да бір білім беру мен қызмет саласында анық байқалатын қабілеті бар оқушы өзін – өзіне жүзеге асыруға деген қажеттілікті сезіне біледі. Оларға бәсекелесетік пен кқшбасшылық сияқты қасиеттер тән, сондықтан да олар түрлі, олимпиадалар, конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие бола алады. Аса дарынды балалар біздің бақылауларымыздың , дарынды балалармен әңгімелесу мен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгей көрсеткіштері 90 – 100 % - ға сәйкес келуі керек.

Ал, дарынды балалар мектеп өміріндегі түрлі жарыстарда айтарлықтай, олардың қабілеттерімен байланысты жұмыс аясында белсенділік танытады. Дарынды балалар мұғалімнің жетекшілігімен аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстар мен байқауларға қатысуға ұмтылады. Дарынды балалардың барлық кқрсеткіштері 75%- ға дан төмен көрсетпеуі керек.

Мен осы Бағдарламадағы жеті модульді тәжірибе жүзінде қолдану барысында бірқатар жетістіктерге жеттім. Ең бастысы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып, ашық сөйлеуі, постерлерді қорғау барысында көшбасшы оқушылардың анықталуымен қатар, дарынды, талантты балалармен күрделенген тапсырмалар бойынша жұмыс жасатылса, үлгірімі төмен оқушылардың да сабаққа араласып, жақсы жақтардан көріне бастаулары анықталды. Оқушылардың бойында өз-өздеріне деген сенімдері қалыптасып, өз ойларын, аз да болса, жүйелеп, еркін айта бастады. Ағылшын тілі пәнінде оқушылардың өз жұмыстарына сыни баға бере алуы маңызды. Оқушылар өз-өздерін, жұп болып, топта бағалаулары сыни түрде жүргізілді.

Балалар бойындағы дарындылықты анықтау – ұлттық маңызды мүдделердің бірі. Қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ бала деп бөле отырып, біз келешектегі баланың дарындылығына қол сұғып отырғандаймыз. Баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды.

Осы бағытта мұғалім ретінде менің жұмысымда не өзгерді?

- өзімде өзгеріс болды, яғни дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың айырмашылық-тарын білдім, яғни оқу және оқытудың жаңа нысанына көшуге деген оң көзқарасым қалыптасты;

- шетел тілін оқытуды жетілдіру жолдарына деген көзқарасым өзгерді;

- оқушыларыма деген көзқарасым өзгерді – «мұғалім-оқушы» қатынасынан, «оқушы-оқушы» қатынасына көшу қажеттігін түйсіндім;

- сабақты жоспарлау мен оқушы іс-әрекетін ұйымдастыруға деген көзқарасым да өзгерді. Оқытудың тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау үшін осы біліктілікті арттыру курсындағы өтілген модульдерді жолға қоюдағы іс-әрекеттер көп көмектесті.

Мен келешекте оқушыларымнан нені күтемін:

- менің пәніме деген оқушыларымның қарым-қатынасы өзгереді;

- алған білімдері туралы өз көзқарастарын еркін айта алатын болады;

- олар сабақта менің серіктесіме айналады.

- олар жаңа білімді шығармашылықпен және сыни тұрғыдан ойлана отырып, қорытынды жасайды.

Қорыта айтқанда, курс бағдарламасын өз тәжірибеме енгізу үшін көп ізденіс пен қажырлылық керек деп ойлаймын. Бұл бағдарламаның білім берудегі пайдасы көп болатынын түсінемін. Сол үшін барлық әріптестерім осы модульдерді жете меңгеріп, оны білім беру үдерісінде үнемі қолданады деп ойлаймын. Бүгінге дейінгі жұмысым алдағы жұмыстардың алғашқы қадамдары. Сондықтан алда талай іс күтіп тұр деп білемін.

 

Әдебиет:

1.    Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ (негізгі) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ.Астана, 2013.

2.    Жексенбаева Ү.Б. Балалардың дарындылығын диагностикалау. - Алматы, «Радиал»,2005.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал, оса.


Задать вопрос