Математика пәнін оқытуда сындарлы оқытуды қолдану арқылы дарындыбалаларды анықтау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 432 раза

Библиографическое описание:

Удербаева, М. А. Математика пәнін оқытуда сындарлы оқытуды қолдану арқылы дарындыбалаларды анықтау / М. А. Удербаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 57-59. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22493/ (дата обращения: 18.12.2024).

Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дұрыс және дәл айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашы-лықпен жұмыс жасауды талап етеді. Оқушыларға терең де, тиянақты білім беру - мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсатты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Олай болса, біздер, қазіргі заман мұғалімдері, өз пәнімізді терең меңгерген, жан-жақты саяси экономикалық, педагогикалық-психологиялық және ақпараттық сауатты болумен қатар, сол білімді бала бойына терең сіңіре білуіміз керек. Оқушының білім мен білігін, талабы мен талғамын ұштауда, өзіндік ізденісін қалыптастыруда біздердің алар орнымыз ерекше. Қазіргі қоғамдағы оқытудың ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай оқушының өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне мүмкіндік тудыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі таңда Назарбаев зияткерлік мектебі ДББҰ мен Кембридж университетінің әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемесі«Сындарлы оқыту теориясы» қолданылады.

Оқушының математикадан білімін көтерудің басты шарты- оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатындығы белгілі.Мұғалім үнемі оқушының белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы да терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекетіне ынталы болғаны абзал[1].

Сабақты қызықты, тартымды өткізу мұғалімнің білімділігіне, қабілеттілігіне, дарындылығына, тапқырлығына және сабақтың әртүрлі әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білуінде.Мұғалім оқушының қызығушылығын тудыруда басты роль атқарады.Ең бастысы ол танымдық қызығушылықты қалыптастыратын жұмысты ұйымдастырушы болмақ.

Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін.Арнайы пәндер бойынша бірқатар ерекше қабілеттер дамыған болуы мүмкін.

Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды , талантты балаларды анықтау барысында қате бағыт беретіні жайында зерттеулерден мысал келтіреді.Бірақ тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады [1].Өзінің оқуында осы қасиеттерді пайдаланатын балалар құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше тапсырмаларды қажет етеді.Ал, Л.Выготский тым күрделі жұмыстар балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс көрінетіндігін дәлелдейтін "Жақын арадағы даму аймағы" теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады [1].

Оқушылар математикалық есептерді шығаруда өзін сенімді сезінген және үздік бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген белгілі бір топтарда жақсы жұмыс істегендері анықталған. Осы зерттеу әдісі менің үлкен қызығушылығымды тудырды. Дарынды балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйретудің тиімділігін зерттеуді көздеп, өз зерттеу жұмысымның мақсатын келесідей тұжырымдадым: дарынды балалардың ішкі потенциалын ашуға бағытталған әрекеттерді ұйымдастыру, өз сенімділіктерін дамытуға жол ашу, олардың топтағы оқушылармен жақсы қарым-қатынасын орнату арқылы, қабілеттерін дамыту.

Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатында өз жоспарларын өзгертуге болатындығын бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс – тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмалар орындауға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екенін айтады [2].

Оқушылардың бір-бірінің жұмысына сыни көзбен қарап, баға беруі, өз ойларын ашық жеткізіп отыруы олардың жаңа технологияға деген көзқарасының оң екендігіне дәлел. Сабақ соңында оқушылар өз ойларын жазбаша түрде жеткізіп отыруы менің олармен тығыз байланыста болуыма септігін тигізіп отырды.Мини-эсселерді оқу арқылы мен оқушылар келесі сабақта қандай әдісті қолданғанымды қалайтындығын біліп отырамын.

Сабаққа педагогикалық басшылық жасау дегеніміз-оқушылыардың ұйымшылдық, шығармашылық дербес қызметтерін алмастырмастан, балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынаспен өзара түністікке аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын ролінен туындайтын мазмұнымен сипатталады.

Ойын оқушылардың достық, жолдастық, қарым-қатынасын орнықтырады,бір-біріне түсінігін,сенімін арттырады. Ойын-мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, олардың қуанышты дүниемен білім танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, нақты өмір жағдайында өзіне тапсырылған міндеті-оқуда, еңбекте, қоршаған ортамен қрым-қатынаста болмасын, алға қойған мәселелерді дұрыс шешуге жәрдемдеседі.

Оқушылардың дарындылық дейгейін анықтау, олардың білім алудағы қажеттіліктерін өз деңгейінде қанағаттандыру үшін мектеп пен оқушы және оның ата-анасы арасындағы көпірше –мұғалім тұлғасының рөлінің маңызы зор. Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды жүзеге асырмас бұрын, өз сыныбымдағы оқушылардың оқу үдерісіне деген көзқарасына талдау жасап шықтым. Ол үшін оқушылардан «Ең жақсы сабақтар мыналар:» деген сауалнама алынды. Талдау қорытындысы бойынша барлық дерлік оқушылар «ойын немесе жарысты қамтыса», «сабақ үстінде менің пікірімді сұрайды», «сабақ үстінде маған ойлануға уақыт беріледі» деген жауаптарды таңдаған. Сауалнаманың ең төменгі бөлігіне «оқушылардың өздері қосқан пайымдаулар» бөлімі қосылды. Бұл жерде оқушылар «сабақ үстінде барлық оқушылар бірдей қатысса, және барлығы бағаланса», «сабақ еркін өтуі керек», «бағалау кезінде тек мұғалім қоймай, оқушылармен ақылдасқанын қалаймын», «сабақ үстінде көп пікір алмасып, бір-біріміздің ішкі дүниемізбен жақынырақ таныссақ» деген ойлар орын алды. Сауалнамадағы оқушы пікірлерін ескере отырып, математика пәніне арнап орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар дайындау кезінде оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыратын түрлі әдістер қамтылды. Сонымен қатар дарынды және талантты балалармен жұмыс жасау мақсатында кеңейтілген, күрделенген, құзырлылық, деңгейлік, логикалық тапсырмалар, ашық-жабық сұрақтар да берілді.

Қазіргі таңда сабақты қызықты өткізу үшін көп мүмкіндіктер бар. Әсіресе , интерактивті тақтаны сабақтарда жиі пайдалану тиімді. Ол оқушының пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, қазіргі заман талабына сай білім алып, сабаққа берілген уақытты тиімді пайдалануға көп ықпалын тигізеді. Жалпы оқушылардың пәнге қызығушылығын түрлі әдістермен арттырып, сабақтың сапасын көтеруге , оқушылардың білімге деген оқу танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі рас. Осыған орай орта  білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемесі сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсілі.

Сындарлы оқыту теориясында:

-       Оқушылардың өз бетінше білім алуды ұйымдастыруды;

-       Оқушылардың мүмкіндігін, білім, дағды, іскерлік деңгейін, сабаққа дайындық деңгейін бағалауға;

-       Сыни тұрғыдан сапалы шешім қабылдауға;

-       Топ оқушыларының пікірімен санасуға;

-       Жіберілген қателіктерді өз мүмкіндігін пайдаланып түзетуге;

-       Оқушы ашық сұраққа өмірден мысал келтіре отырып, қажеттісін атап, жауабын жүйелейді.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі – оқушының өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетіп, ғылыми ізденіске жетелеу.

Оқыту барысында оқушылар сыни күрделі мәселелерді шешуді, көзқарастарды салыстыруды, дұрыс шешім қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа оқушылармен тиімді қарым –қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және топтық жұмыс ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, түрлі ойындар, тренингтер, шығарма-шылық жұмыстар пайдаланылады. Әр оқушының арасында танымдық қарым-қатынас орнап, жеке жұмысы, бір-бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады.

Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануы тиіс.

Сонымен қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау териясының математика сабақтарында атқаратын ролі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор.Сондықтан математика сабақтарында сындарлылықты неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты, тартымды өтеді.

 

Әдебиет:

1.    Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей. Астана, 2013.

2.    Білім беру платформасы.http://cpm.nis.edu.kz порталы

3.    Alexander, R.J., (2008) , Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk.[Диалогтік оқыту жолында : сыныпта талқылаудағы жаңа тәсілдер]. 4 th edition, York, Dialogos.

4.    Mercer, N., (1995). The guided construction of knowledge: talk amongst teachers and learners.[Жетекшілікпен білім алу: мұғалімдер мен оқушылар арасындағы әңгіме].Clevedon: Multilingual Matters.

5.    Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика]. Wiley - Biackwell Asssessment Reform Group, (2002a). Assessment for Leaning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным]. University of Cambridge Faculty of Education.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос