«Болашақ» университетіндегі халықаралық байланыстардың даму барысы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №19 (99) октябрь-1 2015 г.

Дата публикации: 12.10.2015

Статья просмотрена: 9 раз

Библиографическое описание:

Насимов, М. О. «Болашақ» университетіндегі халықаралық байланыстардың даму барысы / М. О. Насимов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 19.2 (99.2). — С. 63-64. — URL: https://moluch.ru/archive/99/22497/ (дата обращения: 18.12.2024).

Әлемдік жаһандану үдерісі жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту қажеттілігін көрсетті. Университет бәсекеге қабілеттілігін шыңдауы үшін жаһандық нарық қажеттіліктеріне сүйенуі қажет. Бұл тұста «Болашақ» университетінің шет елдік әріптестермен тығыз жұмыс жасауы осы мақсаттарға жетелейді.

Университет ынтымақтастық бағытында құрылған күнінен бастап жұмыстар жүргізіп келеді. Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетімен басталған әріптестік, кейін Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетімен бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Университет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің Қызылорда филиалы жылдарында астаналық жоғары оқу орнының әріптестермен ынтымақтастық орнатты.

Тезис авторы «Молодой ученый» журналының арнайы шығарылымы барысында «Болашақ» университетінің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жетістіктерін баяндаған болатын [1]. Бүгінде университет ғылым мен білім шеңберіндегі халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 13 алыс, жақын шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен келісім-шарт жасасқан:

1.    Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университеті (Ресей);

2.    Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің Ереван филиалы (Армения);

3.    Астрахань мемлекеттік университеті (Ресей);

4.    Ресей Ғылым Академиясының клеткалар биофизикасының институты;

5.    Ресей ғылым академиясының теориялық және эксперименталды биофизика институты;

6.    Пущин мемлекетттік жаратылыстану-ғылыми институты (Ресей);

7.    «Молодой ученый» баспасы (Ресей);

8.    Украинаның Ұлттық Авиациялық университеттің Аэроғарыш институты;

9.    Украина Ұлттық авиациялық университеті Аэронавигация институтының авионика кафедрасы;

10.     Джалал-Абад Экономика және кәсіпкерлік университеті (Қырғызстан);

11.     Мелака техникалық университеті (Малайзия);

12.     Vědecko vydavatelské centrum «Sociosféra-CZ» ғылыми баспа орталығы (Чехия);

13.     Шынжан педагогикалық университеті (Қытай).

Университет өзінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында шетелдік ғылыми-баспа орталықтарымен де тығыз байланыс орнатқан. Мәселен, 2013 жылы «Болашақ» университеті Чехияның Vědecko vydavatelské centrum «Sociosféra-CZ», s.r.o. орталығымен келісім-шарт жасасты. Келісім-шарт негізінде университет орталықпен бірлесе отырып, 2014 жылы 4 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Университетпен келісім-шарт негізінде Ресейдің «Молодой ученый» баспасымен тығыз байланыс орнатылған. Бұл баспаның «Молодой ученый» атты журналының алғашқы арнайы шығарылымы 2013 жылдың қараша айында жарық көрді. 2014 жылы университет журналдың арнайы шығарылымы жобасы шеңберінде 4 санын шығарды. Оның ішінде «Қазіргі замандағы ғылым және инновациялар – І, 2» тақырыбындағы халықаралық ғылыми конференциялар материалдары журналдың 1.2, 4.1 сандарында жарияланды. Студенттердің ғылыми жұмыстарын халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында журналдың ақпан айындағы 2.1 нөмірінде олардың ғылыми мақалалары басылып шықты.

2015 жылдың алғашқы тоқсанында арнайы шығарылымның 4 саны жарық көрді.

Университет профессор-оқытушылар құрамы шет елдік ғылыми журналдар, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында зерттеулері жарық көріп отырады.

Шет елдік басылымдарда 2012 жылы 6, 2013 жылы 68, 2014 жылы 73 ғылыми мақалалар жарық көрсе, 2015 жылдың алғашқы тоқсанында 2014 жылғы көрсеткіштен жоғары болатындығы байқалуда. Мақалалардың басым бөлігі РИНЦ базасына тіркелген басылымдар болып табылады. Университет профессор-оқытушылары рейтингісі жоғары Thomson Reuters, Scopus базаларына тіркелген ғылыми журналдарға да мақалалары жарияланған. Бүгінде мұндай мақалалар саны 10-нан асып отыр (барлығының Хирш индексі бар), оның ішінде 2 журналдың импакт-факторы бар.

 

Әдебиет:

1.  Насимов М.О. «Болашақ» университетінің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жетістіктері // Молодой ученый. – 2015. - №7-2 (87). – С. 76.

Основные термины (генерируются автоматически): университет.


Задать вопрос