Экономикасы дамыған елдерде стратегиялық басқару есебін қолдану тәжірибесі | Статья в журнале «Вопросы экономики и управления»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Калымбетов, У. К. Экономикасы дамыған елдерде стратегиялық басқару есебін қолдану тәжірибесі / У. К. Калымбетов, А. С. Дарибаева. — Текст : непосредственный // Вопросы экономики и управления. — 2017. — № 1.1 (8.1). — С. 20-22. — URL: https://moluch.ru/th/5/archive/51/1735/ (дата обращения: 15.11.2024).



Кәсіпорынды стратегиялық басқарудағы стратегиялық есептің дамуы мен оны ұйымдастыру мәселелері, әрқашан өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кәсіпорынды басқаруда экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі және теория түріндегі жетістігі ол – шығындарды стратегиялық тұрғыдан басқару болып табылады.

Осыған байланысты стратегиялық басқару жүйесіндегі стратегиялық есептің рөлі орасан зор. Шығындарды стратегиялық басқарудағы мәселелерді шетел ғалымдары Дж.Шанк, В.Говиндараджан шығындарды басқарудың әртүрлі деңгейінің стратегиялық шығынын ерекшелеп өтті [1].

Олар шығындарды басқарудың іргелі ұғымдарының ескіргендігін және шығындарды стратегиялық басқарудың жаңа тұжырымға көшу қажеттігін атап өтті(SCM).

"Шығындарды стратегиялық басқару" алдағы уақыттағы негізгі тапсырма болып табылады. алдағы бұл көшудің табысы болашақта басқару есебінің мәнін арттыруға ықпал ететін болады.

Қазіргі дағдарыс жағдайында шығындарды стратегиялық басқаруға аса назар аудару керек. Сонымен қатар, дәстүрлі басқару есебін жетілдіру бірде - бір күмән келтірмейді[2].

Біздің елімізде халықаралық тәжірибедегі кәсіпорын теориясы кәсіпорындарды (фирмаларды) стратегиялық басқару, халықаралық талаптар, экономикалық мүдделерді сақтауға бағытталуы кең түрде қолданылады.

Стратегиялық басқару есебінің пайда болуын өткен ғасырдың 80-жылдарына жатқызуға болады, 1981 жылы Симмондс стратегиялық есеп туралы өз жұмыстарын басылымға шығарды.

Ол стратегиялық басқару есебінде бизнес стратегиясын дамыту, осы бизнесте мониторингке талдау жүргізу және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді ашып көрсетті, сонымен қатар, оның пікірінше, бұл бизнесте стратегиялық шығындарды басқару (SCM) маңызды деп санайды [3].

Стратегиялық есепке алу теориясы кәсіпорынның міндеттемелері мен баламалы мүмкіндіктеріне назар аудару. Боб Райан стратегиялық есеп негіздеріне келесідей анықтама береді: "осылайша, стратегиялық есеп, қаржылық талдау проблемаларына қатысты, ол келесідей фактоларға байланысты: міндеттемелер, бақылау, қолма-қол ақша " жатады.

Стратегиялық басқарудың сыртқы қатерлеріне мыналар жатады: мердігерлермен жұмыс істеуге кедергі жасау, электрмен жабдықтаудан болатын төтенше жағдайлар және т. б., осы кезде басқару шешімдерін шұғыл түрде қабылдау қажет.

Болашаққа болжам жасау үшін, сондай-ақ стратегиялық жоспар, болжау және бағалау, баламалы мүмкіндіктерді жүзеге асырады.

Оның нәтижесі бойынша осы болжамды талдау, шығындарды төмендету туралы стратегиялық шешім қабылданады.

Шығындарды стратегиялық басқару - бұл бас маманның миссиясы, ол үш кезеңнен тұрады:

  1. Стратегиялық жүйеде негізгі стратегиялық міндеттерді анықтау. Бұл фирмалардың, кәсіпорындардың ұзақ перспективаға тұрақты дамуы. Стратегиялық міндеттерді дәйекті орындауы;
  2. Сандық болжаудың әдістері шығындарды стратегиялық басқаруда қаражатты тиімді пайдалануға бағытталады.

Тиімді басқару негізінде меншікті арттыруда әзірленеді. Стратегиялық жоспарлау нарықтық стратегиядан бөлек, болашақта неғұрлым икемді басқару жүйесін негізге ала отырып, анықтау. Дағдарыс жағдайында стратегиялық жоспарды жылдар бойынша және болашаққа болжам жасау үшін әзірленеді.

  1. Таңдалған стратегияға сәйкес бюджеттеуді құру керек: шығындар мен объектілерді бөлу бюджеті, құралдарға салынатын бюджет, қаражат бюджеті, уақыт шығындарының бюджеті, қажетті қорлармен жабдықтау бюджеті, өткізу бюджеті және т.б.. [4].

Дағдарыс жағдайында стратегиялық жоспарлар, стратегиялық басқар1удағы стратегиялық объектілерді бөлуде маңызды рөл атқарады.

Бас маман шығындарды стратегиялық басқаруда ішкі мүмкіндіктерге – техника мен жабдықтарды пайдалану, материалдар, жұмыс күші бар екені ескеріледі. Сонымен қатар, қауіп-қатерлер бойынша әр түрлі себептер туындауы мүмкін. Бұл апаттық жағдайдың немесе қорлардың болмауы, шығындардың жоғалуына әкеледі. Өз кезегінде олар, шығындарды арттырады, сондықтан кімнің кінәсінен екенін есепке алу сағатпен көрсетіледі.

Сонымен, шығындарды қалыптастыру мен есептеу әдістерін қарастыру нәтижесінде келесідей нәтижелер алынды (кесте 2).

Халықаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын шығындарды қалыптастыру және есептеудің әдістерін салыстырмалы талдауы келесі кестеде көрсетілген [3].

Кесте 1

Халықаралық және отандық тәжірибеде қолданылатын шығындарды қалыптастыру және есептеудің әдістерін салыстырмалы талдауы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕГІ ӘДІСТЕР

ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ҰҚСАС ӘДІСТІҢ БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТАУЫ

ШЫҒЫНДАРДЫ БАСҚАРУДА ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША КЕЙБІР ҰСЫНЫСТАР

job order-cost system XIX ғасырдың соңында ақш-та пайда болған

тапсырыстық әдіс

жауапкершілік орталықтарын бөлумен бірге жеке өндірістерде пайдалану керек

activity - based costingм XIX ғасырдың соңында ақш-та пайда болған

процестік әдіс

стандарт-костпен бірге массалық өндірістерде пайдалану керек

actual-costsystemXIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ақш-та пайда болды.

іс жүзінде есептеу

мақсатты емес пайдалану керек

standart-costsystem XIX ғасырдың 30-жылдарында ақш-та пайда болған

нормативтік әдіс

стандарт-кост жүйесін мақсатты енгізу керек

absorption-costsystem ХХ ғасырда ақш-та пайда болды

шығындарды толық бөлу әдісі

экономикалық жағынан тұрақты кезеңдерде пайдалану керек

variable-cost system

ХХ ғасырда ақш-та пайда болды

шығындарды жартылай бөлу әдісі

қазіргі жағдайларға көбірек келетін отандық экономикаға енгізу керек

Бұл бөлімде шығындар есебі мен шығын есебі объектілері бойынша калькуляциялау тәсілдері қарастырылады.

Шығындардың процестік калькуляциясын процесс деп аталатын өндірістік кезеңнің жеке бөлігін әрбір өндірістік бөлімше орындауын көздейтін технологиясы бар кәсіпорындар қолданылады.

Абзорпшен-костинг – бұл өнімнің өзіндік құнын барлық шығындарды өткізілген өнім мен тауарлар қалдықтары арасында бөлу арқылы калькуляциялау әдісі, яғни бұл әдісті қолдану кезінде тұрақты шығындар қорсыйымды болып табылады. Сондықтан бұл әдісті шығындарды толық бөлу бойынша өзіндік құнды калькуляциялау деп атайды. [5].

Шығынды толығымен бөліп өзіндік құн калькуляциясы әдісі бойынша есеп берулер:

1) дайын кәсіпорын қоры мен аяқталмаған өндіріс толық шығын бойынша бағаланады;

2) сатудағы өзіндік құн шамасы жеткіліксіз және артығымен игерілген есептеле отырып түзетіледі;

3) сатудағы өзіндік құн шамасы қор деңгейінде өзгерісі бар өндірістік өзіндік құнға сәйкестірілу жолымен есептелінеді.

Абзорпшен-костингте тұрақты шығыстарға керекті көңіл бөлінбейді.

Егер бағалар тек ауыспалы шығын жөніндегі деректерде тағайындалса, онда сату үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

Кәсіпорын тоқтап қалған кезде, не сату болмағанда тұрақты шығындар қала береді, ал кәсіпорын пайдасы тұрақты шығындар көлеміне тең болады.

Абзорпшн-костингте үстеме шығындар тұрақтыларын қорды бағалауға кіргізеді және кезең соңына жатқызады да тек сату кезеңідегі шығын ретінде есептейді, демек шығындар қор жинақтау кезеңінде көрсетілетін болады.

Директ-костингтің идеясы жаңалық емес. Директ-костинг жүйесінің негізіне салынған басты принцип - өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.

Тұрақты және өзгермелі шығындар арасындағы айырмашылықтарды айқындағанда қарастырылатын уақыт кезеңін ескеру қажет. Ұзақ уақыт мерзімі үшін шығындар өзгермелі болады. Қысқа уақыт үшін шығындар тұрақты немесе өндіріс өзгерістеріне қарай өзгермелі болады. [6].

Батыс экономистері бір зерттеулерде директ-костингті ұсақ кәсіпорындарда, ал екінші бір зерттеулерде ірі кәсіпорындарда қолдану тиімді деп пайымдады[7с.203].

Стандарт-кост жүйесі, өткен ғасырдың 20-сыншы жылдардың басында АҚШ-та пайда болды. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған болатын. Стандарт-кост тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің үлгісі болып табылады.

Стандарт-кост жүйесінің мағынасы есепке ие болғаны емес, болуы тиіс нәрсе кіреді, нақты шығындық емес, міндеттісі ескеріледі, әсіресе пайда болған ауытқушылық көрініс табады. [7].

Бұл жүйенің алдына қойған мақсаты – кәсіпорындағы пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энергияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау жатады.

Әдебиеттер:

  1. Стратегический учет / Под ред. В. Э. Керимова. – М. : Омега-Л, 2015
  2. Блаженкова Н.М. Стратегический управленческий учет на промышленном предприятии / Н.М. Блаженкова // Бухгалтерский учет. 2013. –№ 11. – С. 72-75
  3. Шалабаева Г.В. Стратегическая управленческий учет затрат в сельскохозяйственных организациях, Пермь ИПЦ «ПрокростЪ» - 2014
  4. Басқару есебі: Ержанова А.К., Айтанаева Ә.Қ., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. – Алматы: 2009. – 304 бет.
  5. Ержанов А.К. Басқару есебі: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2009. - 303 б.
  6. Оразбекұлы Б. Бухгалтерлік есеп және аудит негіздері: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2011. - 409 б.
  7. 21 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами (теория и методология). – Алматы: Экономика, 2000. – 293с.
Основные термины (генерируются автоматически): SCM, мена.
Задать вопрос