Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитке көшу тенденциялары және шетелдік тәжірибе | Статья в журнале «Вопросы экономики и управления»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Карибаев, Еркебулан Сабыржанулы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитке көшу тенденциялары және шетелдік тәжірибе / Еркебулан Сабыржанулы Карибаев, М. Б. Амиркулова. — Текст : непосредственный // Вопросы экономики и управления. — 2017. — № 1.1 (8.1). — С. 25-27. — URL: https://moluch.ru/th/5/archive/51/1737/ (дата обращения: 15.11.2024).



Қазіргі замандағы нарықтық экономика жағдайында қаржылық бақылаудың дамуына ерекеше көңіл бөлінеді. Оның ішінде шаруашылық субъектіліерінің бюджеттік, қарыз және өзіндік қаражаттарын қолдануының заңдылығы, қалыптасуының тиімділігі мен пайдалылығы аса зерделенеді. Осыдан, Қазақстан Республикасында әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке құрылымдардың шаруашылық қызметінің қаржылық бақылау жүйесін өзгерту бойынша нормативтік-құқықтық актілердің қатары қабылданды.

Мемлекеттік аудит – бірыңғай мемлекеттік құрылымдардың қаржылық және бухгалтерлік есептілігін тексеруге ғана бағытталып қоймайтын қызметтің ерекше саласы. Оның миссиясы және міндеті мемлекет пен қоғам атынан билік оргындарының қызметін олардың қарауына берілген қоғамдық ресурстарды басқаруы бойынша тәуелсіз объективті жария бақылау болып табылады. Оның негізінде қоғам және елдің саяси басшылығы қоғамдық ресурстарды басқару шынымен «тиянақты, дұрыс және ақылмен», яғни заманауи тілде айтқанда үнемді, нәтижелі және тиімді жүзеге асырылатыны туралы объективті ақпарат алады.

Өз кезегінде, мемлекеттік аудит – ол билік интитуты болып табылып, оның ең басты мақсаты мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты тәуелсіз, объективті және ашық түрде тексеріс жүргізу болып табылады, яғни, тек қаржы мәселелерін ғана емес, сонымен қатар, олардың іс-әрекеттерінің барлық бағыттарына бағалау жүргізумен бірге, анықталған кемшіліктер мен тәуекелді басқару жүйелері негізінде пәрменді ұсынымдарды беру.

Қазақстандық қоғамды дамыту және мемлекеттік аппарат алдында туындайтын жаңа тұрпаттағы міндеттемелер мемлекеттік басқарудың күшті жүйесінің жұмыс істеуін талап етеді. Осы мәселелерді шешуде мемлекеттік қаржылық бақылаудың мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі ретінде рөлі арта түседі. Алайда елде қолданылып отырған мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайлары мен қаржылық бұзушылықтарды анықтауға ғана бағытталған және «біржақты» болып табылады. Бұл ретте басқарудың қазіргі жүйесіне баға беретін және оны бұдан әрі тиімді дамыту бойынша бағыттарын айқындайтын осындай институтты енгізу қажет. Халықаралық практикада мұндай рөлді мемлекеттік аудит атқарады. Тұтас алғанда, мемлекеттік аудит Қазақстан үшін тек қаржы мәселелерін ғана емес, сонымен қатар, анықталған кемшіліктер мен тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар негізінде пәрменді ұсынымдарды берумен бірге, олардың қызметінің барлық бағыттарын қамтитын аудит объектілері қызметінің тиімділігінің тұтас және тәуелсіз бағалауы ретінде көрінеді. Тұжырымдама мемлекеттік қаржылық бақылауды кезең-кезеңімен реформалауды және мемлекеттік аудитті, одан әрі оның функционалдық бағыттарын кеңейте отырып енгізу пайымы мен негізгі тәсілдерін анықтайды. Бұл ретте мемлекеттік қаржылық бақылау функциялары аудиттелетін объектінің қызметінде салдарларын жою мен жауапкершілікке тартуды талап ететін заңнама бұзушылықтары анықталған кезде іске асырылатын болады.

Қазақстанда тәуелсіздік алған сәттен бастап заң бұзушылықтарды анықтауға және ықпал ету шараларын қабылдауға бағытталған мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесі қалыптасты. Мемлекеттік аудитті толыққанды енгізу мемлекеттік қаражатты бақылауды жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі, сондай-ақ алға қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің неғұрлым пәрменді құралдарының бірі болуы мүмкін. Тұжырымдаманың мақсаты мемлекеттік аудитті енгізудің негізгі бағыттары мен тұжырымдамалық тәсілдерін айқындау және мемлекеттік қаржылық бақылаудың қолданыстағы жүйесін одан әрі дамыту болып табылады. Мемлекеттік аудиттің мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің экономиканы немесе оның жекелеген салаларын дамытудағы қызметін бағалау, тексеру негізінде мемлекеттің қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қаржылық бақылау аудит объектілерінің жасаған бұзушылықтарын жоюға және ден қою шараларын қолдануға бағытталатын болады. Мемлекеттік аудитті енгізу және мемлекеттік қаржылық бақылауды дамыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Бірінші кезең (2013-2014 жылдар) - мемлекеттік аудиттің, Лима декларациясының басқарушы қағидаттарына және мемлекеттік аудиттің халықаралық стандарттарына (Ішкі аудиторлар институтының ішкі аудит стандарттарына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясының халықаралық аудит стандарттарына, Жоғарғы қаржылық бақылау органдарының Халықаралық ұйымының халықаралық стандарттарына) сәйкес заңнамалық және әдіснамалық базасын құру, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің заңнамалық және әдіснамалық базасын жетілдіру.

Екінші кезең (2015-2017 жылдар) - мемлекеттік аудит жүйесінің қалыптасуы. Бұл кезеңде: Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі орган (бұдан әрі - ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган) құру; сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына сыртқы мемлекеттік аудит органдары функцияларын беру; мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бірыңғай ақпараттық жүйесін «электрондық үкімет» жүйесімен және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларымен ықпалдастыру; орталық мемлекеттік органдарда және Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерінің аппараттарында ІАҚ құру; мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жүйесін енгізу жоспарлануда.

2018 жылдан бастап мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылаудың барлық органдары мемлекеттік аудит стандарттарына сәйкес қызмет атқаратын болады. Мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылау мемлекет пен қоғамның толыққанды және пәрменді институтына айналуға тиіс. Мемлекеттік басқаруды реформалау көптеген елдерде мемлекеттік қаржылық бақылаудың мемлекеттік аудит етіп қайта құрылуына алып келді. Мемлекеттік аудиттің ең алдымен, мемлекеттік қаржылық бақылаудан өзгешелігі: басты назар сәйкестік аудитінен - мемлекеттік қаржы ресурстары мен мемлекеттік мүлікті пайдаланудың тиімділігі аудитіне қарай бет бұрады.

Мемлекеттік аудит пен мемлекеттік қаржылық бақылаудың сыртқы және ішкі құрылымын құқықтық реттеу саласындағы жақсы мысал - Францияның тәжірибесі болып табылады, бұл унитарлы президенттік-парламенттік республика құрылымы мен нормативтік құқығы жағынан ұқсас ел. Францияда сыртқы аудит ерекшеліктері 1807 жылы пайда болған Францияның шоттар сотының шектеусіз бақылау өкілеттіктері болып табылады, оның тәуелсіздігіне ел Конституциясында кепілдік берілген. Францияның шоттар сотының құрылымы дербес қалыптасады, қызметшілерінің саны шектелмеген, оның ұйымдық және қаржылық тәуелсіздігі қамтамасыз етілген. Францияның шоттар соты жыл сайын Үкіметтің бюджетті атқаруы бойынша есебіне қорытынды дайындайды, сәйкестікке және тиімділік аудитіне жүргізілген бақылауды ескере отырып Парламентке ұсынады. Қорытындыны дайындау үшін өңірлік шоттар сотымен және ішкі мемлекеттік аудит органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. 2011 жылдан бастап өңірлік шоттар соттарының Францияның шоттар сотымен өзара әрекет ету міндеті заңнамалық түрде регламенттелген. Бас тартқан жағдайда Францияның шоттар соты өз функцияларын Францияның барлық аумағында шектеусіз дербес жүзеге асыруға құқылы.

Канадада федералдық бюджеттің жұмсалу тиімділігін халық тарапынан бақылауды Парламент мүшелері жүзеге асырады. Үкімет жыл сайын Қауымдар палатасына (Қаржылық бақылау комитеті) бюджет жобасын және алдыңғы жылғы оның атқарылуы туралы есепті ұсынады. Канадада аудит субъектісіне байланысты мемлекеттік аудиттің екі түрі жүзеге асырылады: сыртқы аудит және ішкі аудит. Сыртқы мемлекеттік аудитті Канаданың Бас аудитор кеңсесі, алдын ала және ағымдағы аудитті - Қаржы министрлігінің хатшылығы жүргізеді. Ішкі мемлекеттік аудитті әрбір ведомствода ішкі аудит қызметтері жүргізеді. Канада тиімділік аудитінің пионерлерінің бірі болып табылады және әлемде бірінші болып үкіметтің қаржы және экономикалық қызметінің заңдылығын ғана тексеру практикасынан бас тартты. Қаржы министрлігінің хатшылығы үкіметтік бағдарламаларды іске асырған кезде бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайды және мемлекеттік органдар, оның ішінде ішкі аудит қызметтерінің тиімділігіне бағалау жүргізеді. Канадада мемлекеттік басқару жүйесінің оңды жағы мемлекеттік органдар қызметінің және бағдарламалық құжаттардың тиімділігіне толықтай бағалау жүргізу болып табылады. Канадада федералдық және провинциялық деңгейде әрбір мемлекеттік органда ішкі аудит және бағалау қызметі жұмыс істейді. Ішкі аудит пен бағалау қызметінің негізгі міндеті мемлекеттік органды ішкі басқару сапасын бағалау (бюджет қаражатын, персоналды, ақпараттық технологиялар және басқаларды басқару) және мемлекеттік орган қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдарды тұжырымдауда.

Ресейде мемлекеттік аудиттің жоғарғы органы - Ресей Федерациясының Есеп палатасы (бұдан әрі - Есеп палатасы) болып табылады. Есеп палатасы биліктің атқарушы тармағынан функционалдық, ұйымдастырушылық және қаржылық тәуелсіздікпен қамтамасыз етілген. Есеп палатасы тоқсан сайын белгіленген нысан бойынша РФ Федералдық жиналысына федералдық бюджеттің атқарылу барысы туралы жедел есепті ұсынады. Ішкі мемлекеттік бақылау мен аудиті РФ субъектілерінің және жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау/аудит қызметтерін, атқарушы билік органдары жанындағы ішкі аудит/ішкі бақылау бөлімшелерін үйлестіре отырып, орталық деңгейде Қаржы министрлігінің Федералдық қаржы-бюджет қағадалау қызметімен жүзеге асырады. Ішкі мемлекеттік қаржы аудитінің бөлімшелері ішкі стандарттарды және бюджетті қалыптастыру және атқару рәсімдерінің, бюджеттік есептілікті жасау және бюджеттік есепті жүргізу рәсімдерінің сақталуын әзірлеу мен бақылауды, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану нәтижелілігін (тиімділігін және үнемділігін) арттыруға бағытталған шараларды даярлауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады. Ішкі бақылау қызметтерін үйлестіру мен әдіснамалық қамтамасыз етуді РФ Қаржы министрлігі жүзеге асырады. Жергілікті органдар арнайы құрылған бөлімшелер немесе сыртқы аудиторларды тарту арқылы ішкі аудитті жүргізеді. Бұл ретте қазіргі кезде РФ-та тек сыртқы мемлекеттік аудит стандартталған.

Әлемдік тәжірибеде Жоғарғы қаржылық бақылау органының мемлекеттік аудиторларының кәсібилігіне кепілдікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Осы бағыттағы негізгі тәсіл, олардың зейнетақы жасына жеткенге дейін (мысалы Түркиядағыдай) осы лауазымды атқаруына кепілдігі түрінде іріктеу және мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органмен келісу рәсімдерін алып тастау жолымен ҚБЖО мүшелерінің де, сол сияқты оның қызметкерлерінің де тәуелсіздігін қамтамасыз ету және оларға ерекше мәртебе беру болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттегі ішкі және сыртқы аудиттің түрлі құрауыштары барынша мүмкін дәрежеде: жекелегенде тәуелді емес, бірақ осыған ұқсас (бірыңғай) стандарттар бойынша жұмыс істейтін және қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеуі тиіс деп танылады.

Мемлекеттік аудит қандай да бір сәйкессіздіктерді жай баяндап қана қоймай, олардың себептерін, мемлекеттік қаржы ресурстарын үлкен қайтарыммен, тиімділікпен басқару, пайдалану резервтері мен әлеуетін анықтауы тиіс. Мемлекеттік аудит мемлекеттік органдар және ұйымдардың қаржы ресурстарын басқару бойынша қызметінің сапасын бағалауға да мүмкіндік береді. Тұтас алғанда мемлекеттік аудит экономиканың немесе оның жекелеген салаларын, мемлекеттік қаражат пен активтерді пайдалану және басқару тиімділігін арттыру үшін ұсынымдарды уақтылы әзірлеуге мүмкіндік беретін экономика және оның жекелеген салалары, мемлекеттік басқару салаларын дамытуда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметін бағалауды көздейтін болады. Мемлекеттік аудиттің мәні мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін функционалды талдау, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарына қол жеткізгеннен соң іске асыру барысы мен тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау, сондай-ақ кадр, қаржы, табиғи және өзге де ресурстарды басқару, басқару процестерін, оның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оңтайландыру жөнінде қабылданатын шаралар болады. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит сыртқы және ішкі аудитке бөлінеді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік аудит – мемлекеттік аудит объектілерінің мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарында олардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызметтерін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, кадрлық, қаржы, табиғи және өзге ресурстарды басқаруын, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін жетілдіруге бағытталған басқару процестерін оңтайландыру бойынша қабылданатын шараларды функционалдық талдау, бағалау және тексеру болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. ҚР Бюджет кодексі. –Алматы: Юрист, 2009. -136 б.
  2. Аудиторлық қызмет туралы: ҚР заңы. –Алматы: Юрист, 2009. -14 б.
  3. Абленов Д.О. Қаржылық аудит және талдау: теория, әдіснама, практика. Оқу құралы. –Алматы: «Экономика», 2010. -528 б.
Основные термины (генерируются автоматически): аудит, мена, аудит пен, РФ, Бюджет.

Похожие статьи

Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Көп жылдық өсімдіктерді өсірудің инновациялық технологиясын жетілдіру жолдары

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Күл үйінділерін бетон және минеральды байланыстырғыш зат өндірісінде кешенді утилизациялау және қолданылуы

Күйзеліс жағдайындағы психологиялық көмектің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері оны жетілдіру жолдары

Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу арақатынасы

Қазақстандағы құс шаруашылығы кешенінің қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері

Похожие статьи

Қазақстан Республикасы біліктілік арттыру жүйесіне сындарлы оқыту теориясы тәсілдерін енгізудегі тренер көзқарасы мен тәжірибесі

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Көп жылдық өсімдіктерді өсірудің инновациялық технологиясын жетілдіру жолдары

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Күл үйінділерін бетон және минеральды байланыстырғыш зат өндірісінде кешенді утилизациялау және қолданылуы

Күйзеліс жағдайындағы психологиялық көмектің ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендірудің мәселелері оны жетілдіру жолдары

Қазіргі кезеңдегі психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары

Жacөспірімдерді әлеуметтік ортаға және өмірге бейімдеу арақатынасы

Қазақстандағы құс шаруашылығы кешенінің қазіргі жағдайы және негізгі мәселелері

Задать вопрос